Рейдтік іс-шаралар тұрақты жүргізілуде

282

0

Фото: Табиғи ресурстар басқармасы

Жыл басынан бері облыс көлеміндегі мемлекеттік орман қоры жерлерінде браконьерліктің алдын алу, заң бұзушылықтарды жою мақсатында рейдтік шаралар тұрақты түрде жүргізілуде. Осы орайда, Қызылорда облыстық жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғау жөніндегі мамандандырылған мемлекеттік мекемесі және облыстық орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелерімен аң аулау қағидаларын бұзу және балық аулау, балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау, күзету мақсатында 195 рейдтік жұмыстар жүргізіліп, 87 құқық бұзушылық фактілері анықталды. Жануарлар дүниесiн пайдалану талаптары мен аң аулау қағидаларын бұзу бойынша жалпы 239 980 теңге көлемінде айыппұл салынып, толығымен өндірілді.

Балық аулау мен балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу бойынша 867 620 теңге көлемінде айыппұл салынып, толығымен өндірілді.

Өз кезегінде аталған рейдтік іс-шаралар облыс аумағындағы Кіші Арал теңізінде, балық шаруашылығы маңызы бар су айдындарында және аңшылық алқаптарда заңсыз балық аулау мен аң атуды алдын алу мақсатында, сонымен бірге балық ресурстары мен басқа да су жануарларының табиғи популяциясын сақтауды қамтамасыз етеді.

Заң бұзушылықтарға қарсы рейдтік шаралар жыл көлемінде жалғасатын болады.

Қызылорда облысының

табиғи ресурстар

және табиғат пайдалануды

реттеу басқармасы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<