Рейстердің ұшу уақытынан хабардар ету үшін «жедел желі» ашылды

416

0

Фото: ашық дереккөз

Жолаушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында 29 ақпаннан 2 наурызға дейін «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ жедел штабының базасында «жедел желі»ашылды. Бұл туралы ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Азаматтық авиация комитетінің Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған мәлімет бойынша, рейстің ұшу және ұшып келу уақытын өзгерту мәселелері бойынша жолаушылар +7 7172 798214, +77172 798213 нөмірлеріне жүгіне алады.

Сондай-ақ ведомство өкілдері рейстің өзекті мәртебесін нақтылау үшін жолаушыларға әуежайдың анықтамалық қызметтеріне, авиакомпаниялардың қосымшалары мен колл-орталықтарына хабарласуды ұсынады:

Air Astana: + 7727244 44 77, +7 7172 58 44 77, +7 702 702 44 77;

FlyArystan: +7 727 331 1010 (WhatsApp +7 702 702 0227); SCAT: +7 7252 99 88 80;

Qazaq Air: + 7 727 356 14 14.

Айта кетейік, үкіметтің 2024 жылғы 19 қаңтардағы no 20 қаулысына сәйкес, 2024 жылғы 29 ақпаннан 2024 жылғы 1 наурызға қараған түні (сағат 00:00-де) Астана, Алматы, Шымкент, Абай, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау, Шығыс Қазақстанда жергілікті уақыт 1 сағатқа артқа ауыстырылады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<