Релаксациялық сабақ «Майнд машина» құрылғысын пайдалану арқылы өткізілді

830

0

       Өмірде аяғын шалыс басып, жазасын өтеп жүрген сотталғандардың санасын тезірек сауықтыруға, айналадағы жағдайларға бейімделуге түзеу мекемесіндегі психолог маманының атқарар рөлі өте зор.

 Осы орайда облысы бойынша  ҚАЖ департаментінің  ЗК-169/5 мекемесінің психолог мамандары  жазасын өтеушілер арасында жағымды психологиялық климат орнату мақсатында  жүйелі жұмыстар атқарып келеді. Мекеменің  оңалту бөлмесінде арнайы психологиялық сергіту сәттері жиі өткізіліп тұрады.

Жақында мекемеде психолог мамандар   сотталғандар арасында релаксациялық сабақ «Майнд машина» құрылғысын пайдалану арқылы өткізілді. Сабақ барысында «Майнд машина»  психорелаксациялық аппаратын қолдану  тәсілі жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізіп,  іс жүзінде қолданылды.

Сотталғандарға жағымды, құлаққа әсерлі әндер қосылды. Құрылғының көмегімен олардың бойындағы  жағымсыз істен,  шаршаңғыштық,  ашушаңдық сезімдерінен арылуға көмектесті.

       Психологиялық сергіту сәтінен кейін сотталғандар өздерінің жағымды әсерлерімен және көңіл-күйлерімен бөлісті.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД