Ресейде «Үш жүз қазақ ертегісі» атты қос томдық жарық көрді

519

0

Кітапты Мәскеудегі қазақ елшілігі таныстырды. Жинаққа 19, 20-ғасырларда түрлі баспалар арқылы, орыс тілінде жарияланған халық ертегілері енген.

Ресейдегі Қазақстан елшісі Дәурен Абаев бұл шығармалар қазақ халқының бай мәдениетін танытып қана қоймай, қазақтың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан, даналық әлемін паш етеді деп мәлімдеді. Жоба  Қазақстан мен Ресей арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған. Олег Зимарин, «Весь мир» баспасының бас редакторы:

– Бұл қос томдық ертегілер жинағы өткен ғасырдың 58-64-жылдары Қазақ ғылым академиясының мұрағаттарындағы деректерге сүйеніп жазылған. Шығармашылық топ қазақ ғалымдарының жұмысын өте ұқыптылықпен зерттеп, жұмыс істеді. Өйткені, бұл аудармалардың алғашқысы сонау 19-шы ғасырдың басында жарық көргендіктен оларды жинастыру ісі ұзақ уақытқа созылған. Жұмыс барысында біз осының бәрін ескердік.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<