Ресми құжаттарға апостиль қою

718

0

Сот жүйесінде жаңа технологияларды қолдану аясы кеңейіп, ақпараттық сервистер және оларды пайдалану механизмдері күн өткен сайын жетілдірілуде.

Қызмет көрсету тәртібі, оның ішінде қызмет көрсету мерзімдері, нысаны және нәтижелері көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі, қызмет көрсетуге қажетті құжаттар тізімдемесі стандартпен реттеледі.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің кеңсесі, «Электрондық үкіметтің» www.egov.kz  веб-порталы арқылы, Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерінің өтініштері бойынша өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру ҚР ЖС СҚҚД кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімдері құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап порталда 1 жұмыс күні, басқа мемлекеттік корпорация филиалдарының бөлімдеріне 5 жұмыс күні, Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерінің өтініштері бойынша 10 жұмыс күні.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нысаны электрондық немесе қағаз түрінде жүргізіледі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға ақылы түрде көрсетіледі. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетiлгенi үшiн «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексiнiң (Салық кодексi) 615-бабының 7) тармақшасына сәйкес әрбір апостиль қойылатын құжат үшін 0,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекеттік баж алынады.

Мемлекеттік баж екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, сондай-ақ «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы төленеді.

Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді, сондай-ақ мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжатты көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорация қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы жолдауға болады.

 Сонымен бірге, тiршiлiк әрекетiнiң шектелуіне, ағза функциясының тұрақты денсаулық бұзылушылығы бар қызмет алушыларға мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін құжаттарды қабылдау Бірыңғай байланыс орталығы «1414» немесе «8 800 080 7777» арқылы жүгіну көмегімен мекен-жайына бару арқылы мемлекеттік корпорация қызметкерлерімен жүргізіледі.

Сондай-ақ, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинет», сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселесі бойынша бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға болады.

Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік

сотының баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<