Республикалық ақындар айтысы басталды

1217

0

Сыр елінде қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезовтің 125 жылдық мерейтойына арналған «Сөздің кені, ойдың кемелі» атты республикалық ақындар айтысы басталды.

Алғы сөз алған облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов, аймақ басшысы Нұрлыбек Мәшбекұлының құттықтауын жеткізіп, жазушының өнегесі туралы айтып, айтыскерлерге сәттілік тіледі.

Сонымен қатар, айтыста үш дүркін алтын домбыра иегері Мұхтар Ниязовтың «Тектілік пен тереңдіктің қайнары» атты кітабының тұсауы кесіліп, қалың оқырманға жол тартты.

Қазылар алқасының құрамында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, парламент мәжілісінің депутаты Аманжол Әлтай, ақын Ақберен Елгезек, ақын-композитор Лена Әбдіхалықова, ақын, киносценарист Ұларбек Нұрғалымұлы айтыскер ақын Бауыржан Халилола бар.

Алғашқы жұп қармақшылық Сырым Әділбеков пен тараздық Рай Дөңбаев өнер көрсетуде.

Гүлбану МАҚАЖАН,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<