Республикалық ақындар айтысында топ жарды

553

0

Астана төрінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен, «Аманат» партиясының қолдауымен екі күн бойы жылдың қорытынды айтысы өтіп, «Алтын домбыра» сарапқа салынды.

«Еңбек – ел ырысы» атты республикалық ақындар айтысына еңбекке, еңбек адамына құрмет тақырыбы арқау болды. Аламанның ақтық сынына шыққан жерлесіміз Мейірбек Сұлтанхан бірінші орынды иеленіп, «Айтыстың ақтаңгері» атанды. Еліміздің әр өңірінен келген жүйріктер жарысында алдыңғы қатардан көрінген Мейірбек ақынды жеңісімен құттықтаймыз!

Айта кетейік, «Алтын домбыра» республикалық айтысы басталғанда оның алғашқы иегері Мұхтар Ниязов одан кейін де екі мәрте осы додада топ жарған еді.

Осылайша Сыр өңіріне жеткен «Алтын домбыра» қазір облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Мәдениет және өнер» залына қойылған.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<