Республикалық байқаудың жеңімпазы атанды

478

0

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ету, осы салаға атсалысып жүрген азаматтарға қолдау көрсету, оларды ынталандыру мақсатында 2023 жылғы 16 қарашада Астана қаласында «Ең сауатты жарнама – тіл абыройы» республикалық байқауы өтті.

Байқауға еліміздің 14 өңірінен шағын, орта бизнес саласының өкілдері және жеке азаматтар қатысып, байқау шартына сай аймақтардағы көрнекі ақпараттағы қателерді, бұзушылықтарды анықтап, оны түзетуге бағытталған өз жұмыстарын ұсынды.

Аталған байқауға біздің өңірден Қызылорда облысының «Бизнеске арналған үкімет» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің инновациялық-техникалық бөлімінің басшысы Байжанова Салтанат Қияхбекқызы қатысып, жүлделі ІІІ орынды иеленді. Ол кәсіпкерлердің мемлекеттік тілдегі жарнама мәтінін сауатты ресімдеп, мемлекеттік тілде жазуларына атсалысып жүрген тіл жанашыры.

Республикалық байқаудың жеңімпазы атанды

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<