«Мейірім керуені» республикалық конкурсына өтінімдер қабылдау басталды. Бұл байқау биыл бесінші рет ұйымдастырылып жатыр. Байқауға әлеуметтік, қоғамдық проблемаларды шешуге және өздерінің жомарттығымен басқаларды мейірімділікке ынталандыруға үлес қосып жүрген жеке және заңды тұлғалар қатыса алады.
Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Іскер әйелдер Ассоциациясының Қызылорда облысы бойынша төрағасы Манат Алмашева айтты.
– «Мейірімділік керуені» – бұл ең алдымен азаматтық бастаманы жандандыруға және мейірімділік, гуманизм және қамқорлық сияқты адамгершілік құндылықтарды нығайтуға бағытталған республикалық байқау. Мақсаты – қайырымдылық идеяларын дәріптеу, белсенді азаматтық бастамаларды дамыту. Байқауға әлеуметтік, қоғамдық проблемаларды шешуге және өздерінің жомарттығымен басқаларды мейірімділікке ынталандыруға үлес қосып жүрген жеке және заңды тұлғалар ғана қатыса алады. Ал кәсіпкерлік субъектілері, сондай-ақ қайырымдылық қызметі мемлекеттік қолдаумен, яғни мемлекеттік грант, мемлекеттік тапсырыспен байланысты адамдар қатыса алмайды., – деді ол.
Өтініш еліміздің барлық өңірлерінен қабылданады. Жеңімпаздар 6 номинация бойынша анықталады. Өтінімдер 30 желтоқсанға дейін қабылданады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<