Республикалық экологиялық акция жалғасуда

328

0

Фото: Жалағаш ауданының әкімдігі

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елімізде бастау алған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Жалағаш кенті, ауылдық округтер мен мемлекеттік мекемелердің аумағында санитарлық тазалық, көркейту-көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.

Сенбілікте көшелер мен саябақтардағы қоқыстар тазартылып, қураған талдар кесіліп, аяқ су жүретін арықтар қураған жапырақтардан тазартылып,күл-қоқыстар белгіленген орындарға шығарылды.

Жиналған қоқыстарды шығаруға Жалағаш кенті бойынша жауапты мердігердің, ауылдық округтер бойынша шаруа қожалықтардың техникалары жұмылдырылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<