Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі аяқталды

800

0


Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың бүгін облыстық кезеңі аяқталды. Қоғамдық – гуманитарлық бағыты бойынша ұйымдастырылған олимпиадаға барлығы 203 оқушы қатысты.
Бүгін таңғы сағат 9:00-ден бастап апелляцияға өтініштерді қабылдау басталып, 8 пәннен барлығы 97 оқушы өтінішін білдірген.
Комиссия мүшелері орыс тілі мен әдебиеті пәнінен – 1, өзін өзі тану пәнінен – 11, ағылшын тілі пәнінен – 22, қазақстан тарихы пәнінен – 16, құқық негіздері пәнінен – 11, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен – 14, қазақ тілінде оқытылатын мектептердегі орыс тілі пәнінен – 12 оқушының жұмыстары қайта қаралды.
Апелляция қорытындысы «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының Syr-daryny.kz сайтында жарияланатын болады.


Айта кетейік, ашықтықты сақтау мақсатында олимпиада өткізілетін барлық кабинеттер камерадан тікелей эфир арқылы YouTube желісінен қадағаланып, Syr-daryny.kz сайтында жарияланып жүргізілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<