Республикалық семинар

1530

0

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Кітап және қаламгер» атты республикалық семинар өтті. Семинар Қазақстанның Халық жазушысы Әбділда Тәжібаевтің 115 жылдығы және  Кітапханашылар мерекесі аясында  ұйымдастырылды.

Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқарма басшысының орынбасары Қ.Жанұзақов  мерекеге орай жылы лебізін білдірді. Кітапхана ісінің дамуы мен өркендеуіне үлес қосып жүрген қызметкерлер марапатталды.

Семинарға Ұлттық академиялық кітапхана мамандары арнайы келіп, кітапханашыларға шеберлік сабағын өткізді. Атап айтқанда, «Қазақстанның мәдени және ғылыми мұрасының электрондық ресурсы: Ұлттық электронды кітапхана» тақырыбында  Ұлттық академиялық кітапхананың электрондық ресурстарды басқару қызметі жетекшісінің орынбасары Гүлшат Ратова, «Кітапхана қорларын  консервациялау және қалпына келтіру мәселелері» тақырыбында консервация, қалпына келтіру және түптеу қызметінің жоғары дәрежелі реставратор маманы Меруерт Өскембаева баяндама жасап, тәжірибелерін бөлісті.

Шарада кітапханашылар «Өрелінің өрісі кең» тақырыбында ұйымдастырылған  интеллектуалды ойынға қатысты.                      

Семинар Қазақстанның Халық жазушысы Әбділда Тәжібаевтің 115 жылдығына арналған шаралармен жалғасты. Ақынның өмірі мен  шығармашылығы жайында ҰАК директорының кеңесшісі Айжан Табаракқызы және Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ақын Қатира Жаленова кеңінен әңгімелеп берді.

Жастар ақын өлеңдерін нақышына келтіре оқыды. Мұнан соң шара қонақтарының қатысуымен ақын ескерткішіне гүл қою рәсімі болды. Сонымен қатар «Кітапхана шежіресі», «Кітап. Кітапхана ісі», «Мәдениет саласының үздіктері» бөлімдерінен тұратын «Кітапхана – білімпаздар мекені» атты көрмені тамашалады. Осылайша тағылымы мол шара жоғары деңгейде өтіп, келушілер ерекше әсермен тарқасты.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<