Қызылордада жуырда «Rice shop» күріш дүкені ашылмақ. Бұл туралы кәсіпкер Марат Сәрсенбай ойын білдірді.
Облыстың барлық ауданы дерлік күріш егумен айналысады. Әлемде бес құрлықта 81 мемлекетте күріш егіледі екен. Ал жапон және көптеген ежелден тұтынатын халықтар күрішті ең маңызды мемлекеттік символ ретінде, тілдің тірегі, ұлттың намысы, сүйікті тамағы есебінде құрмет тұтады. Оның үстіне, осы мемлекеттерде арнайы күріш дүкендерінен бөлек музейлер бар.
– Біз де осы дүкенді ашып, оның ішіне өңіріміздегі күріш зауыттарының өнімдерін сөрелерге қоймақпыз. Қосымша әлемнің ең жақсы сұранысқа ие өнімдерін де осы сөрелерден табуға болады. Бұл жердегі атауын ағылшынша қоюымыздың да бір сыры бар, мұндай атпен әлемде 1000-ның үстінде дүкен бар екен, – дейді кәсіпкер.
Статистика бойынша әлемде жылына 742 млн тоннадан астам күріш өндіріледі. Қытай жыл сайынғы 211 млн тоннадан астам өнімімен әлемдегі ең ірі күріш өндіруші ел ретінде тұр. Үндістан (159 млн тоннаға жуық) екінші орында. Вьетнам 5-ші, Жапония 13-ші, Ресей 36-орында. Ал, Қазақстан 420 мың тоннаға жуық өндірумен 45-орынды иеленеді. Қазақстанда, оның ішінде Сыр елінде күріштің отаны ретінде мұндай дүкеннің ашылуы орынды деп санаған абзал.«СБ» ақпарат
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<