Бұл мейрам – тек қана мұсылмандарды емес, барша ұлт пен ұлысты ұйыстыратын рухани мереке. Осы қасиетті күндері мұсылмандар құрбандық шалып, бір-бірлеріне үлестіріп, баршаға жақсы тілектер айтады. Ынтымақ пен ырыздықты, мейірім мен шүкіршілікті арттыратын берекелі мереке – Құрбан айт адамдардың жылы қарым-қатынас жасауына, түрлі ұлттар мен ұлыс өкілдерінің өзара етене араласуына кең жол ашады.
Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Түбіміз – түрік, дініміз – Ислам, кітабымыз – Құран» деген сөзі бүгінде нақылға айналды.
Еліміз азаттық алғалы бері ата дініміз нағыз өркендеудің жолына түсті. Қазақстан халқының басым бөлігін құрайтын мұсылман жамағаты мемлекетіміздегі бірлік пен ынтымақтың бекем бола түсуіне айтарлықтай үлесін қосуда. Түрлі дін өкілдерінің өзара татулығы әлемге үлгі көрсетіп отырғаны қуантады.
Барша қазалылықтарға береке-бірлік, бейбіт өмір, әр шаңыраққа игілік пен амандық тілеймін. Ниет етіп шалған құрбандықтарыңыз, құлшылық еткен дұғаларыңыз бен тілектеріңіз қабыл болсын.
Құрбан айт мүбарак болсын!
Құрметпен, аудан әкімі М.Н.Ергешбаев
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<