Кеше облыстық білім басқармасы мен “Рухани жаңғыру” орталығының ұйымдастыруымен Болашақ университетінде робототехникадан аймақтық іріктеу чемпионаты өтті.
Шараның мақсаты – заманауи инновациялық технологияларды игеру, жастардың білім сапасын арттыра отырып, бәсекелік қабілетін арттыру. Чемпионат екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде “KazRoboproject – 2019” жобасы бойынша көрме ұйымдастырылса, екінші бөлімде спорттық робототехникалар жарысы болды. Нәтижесінде екі бөлім бойынша жеңімпаздар анықталып, марапатталды. Сондай-ақ, сайыс жеңімпаздарына алдағы уақытта өтетін республикалық чемпионатқа жолдама берілді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, жыл сайын аталған шараға қатысушылар саны артып жатқан көрінеді. Биылдың өзінде іріктеу турына аймақ бойынша 336 оқушы қатысуда. Бұл өңірде жастардың мамандықтың басқа түріне бейімделіп, робототехника тілін меңгеріп, ақпараттық технологияны игеруге деген қызығушылықтың артқандығын көрсетіп отыр.
М.ОТАРАЛЫ.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<