Бүгінгі күні пайдаланылмай тұрған жерлер көп. Сырдария, Шиелі, Жалағаш аудандарында бірқатар аумақты ашуға мүмкіндік бар. Жаңа суармалы жерлерді айналымға енгізуді мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі арқылы қаржыландыру моделі суармалы жерлердің көлемін ұлғайтуға үлкен мүмкіндіктер береді.
«Мелиоратор» ЖШС-ның мелиоративтік жұмыстарды жүргізуге материалдық-техникалық базасы жеткілікті. 2000 жылдан бері осы салада құрылыс жұмыстарын жүргізіп келеміз.
Бүгінде облыс халқының жартысына жуығы ауылдық елді мекендерде тұрады. Олардың тыныс-тіршілігі судың және суармалы жерлердің жағдайына тікелей тәуелді. Сондықтан, суармалы жерлердің көлемін ұлғайту – ауыл халқын жұмыспен қамтамасыз етудің бірден-бір жолы. Сонымен бірге, егін шаруашылығы өнімінің ұлғаюы – өңдеу өнеркәсібін дамытуға серпін береді.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі арқылы қаржыландыру моделі айқындалып, жаңа суармалы жерлерде іске асырылатын жобаларға мемлекет кепілдігін беру мәселесі пысықталғаннан кейін, жаңа алаңдарды игеру жұмыстарын бастауды жоспарлап отырмыз.
Сондықтан, облыс кәсіпкерлерін осы жұмысқа белсене қатысуға шақырамын.
Бердібек МЫХАНОВ,
«Мелиоратор» ЖШС
директоры.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<