Әріптестік мәселелері қаралды

355

0

«Номад Палас» қонақ үйінің конференц залында ҚР Ішкі істер министрлігі, «EurasianExpertCouncil» қоғамдық қорының бірлесіп ұйымдастыруымен «Мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара әрекеттестігі» атты семинар-тренинг өтті.

Аталған шара республиканың барлық аймағында ұйымдастырылған. Құқық қорғау ұйымдары мен полиция, құқықтық тәртіптің басқа да құрылымдары бас қосатын сарапшылық алаңға айналған семинар-тренингке облыстық ішкі саясат басқармасы, облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі, Қазақстанның азаматтық альянсы, «Бітім» медиация орталығы, «Ұмай» мектеп жасына дейінгі балаларға арналған сауықтыру және тәрбиелеу қайырымдылық үйі, облыстық азаматтық Альянс қауымдастығы тәрізді ұйымдар мен мекемелерден өкілдер қатысты.

Басқосуда жобаның облыс бойынша үйлестірушісі Анар Ізден, төрайымы Сапура Абдрахимова, «Сыр ұландары» ҚБ жетекшісі Сәуле Әбілдаева, «Жомарт» ҚҚ жетекшісі Майя Наримова, «EurasianExpertCouncil» ҚҚ жоба үйлестірушісі Бағлан Сағынбай қатысып, мәселе тұрғысындағы ой-пікірін ортаға салды.

– «Qorgau» жобасының мақсаты – өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтардың құқықтық білім деңгейін арттыру және азаматтардың құқығын қорғайтын ұлттық жүйе қалыптастыру. Қазіргі таңда облыс аумағында мұндай мақсаттағы 8 орталық жұмыс істейді. Ол жерде тәжірибелі заңгерлер – адвокаттар алқасының немесе Заңгерлер палатасының мүшелері азаматтарға тегін заңгерлік көмек беруде, – деді А.Ізден.

Семинар соңында қатысушыларға сертификат табысталды.

«СБ» ақпарат.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<