Бүгін қалалық білім бөлімінің Қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығында жасын ғұмыр иесі, аз ғұмырында ел игілігі үшін елеулі еңбек еткен журналист Сахитжан Бермағанбетов атындағы жас тілшілер үйірмесі ашылды.
Қаламгерлердің кәсіби мерекесі қарсаңындағы шараға қала әкімінің орынбасары Асқарбек Есжанов, облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова, «Qyzylorda» телеарнасының директоры Жағыппар Қарабала, «Сыр медиа» ЖШС директорының орынбасары Марат Аралбаев, Сахитжан Бермағанбетовтің ата-анасы, ұстазы, журналистика саласындағы аға буын өкілдері қатысты.
Жиында С.Бермағанбетов атындағы жас тілшілер кабинеті салтанатты түрде ашылып, тележурналист туралы естеліктер айтылды. Қатысушыларға оқушылардың туындылары жинақталған «Сырдың саңлақ Сахитжаны» атты кітап таныстырылды.
Сондай-ақ, оқушылардың қарым-қабілетін дамыту мақсатында облыстық білім басқармасы мен «Qyzylorda» телеарнасы, «Сыр медиа» ЖШС пен қалалық білім бөлімінің Қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы арасында меморандумға қол қойылды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<