САҚАДАЙ САЙ ӘЗІРЛІКТЕ

4595

0

Жиында қалалық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Қуаныш Ахметов ауыл шаруашылығы құрылымдарының күзгі егін жинау науқанына дайындығы жөнінде хабарлама жасады.
Сала басшысының айтуынша, қаланың тауар өндірушілері биылғы жылы 6717 гектар жерге егіс дақылдарын отырғызған. Өткен жылдармен салыстырғанда, егіс көлемі 154 гектарға артса, мал азығындық дақылдар егісінің көлемі 890 гектарға ұлғайған.
Ақ маржан алқабының суын тарту 5-тамыздан бастап жоспарлы жүргізілуде. Бүгінгі күнге дейін 2377 гектар күріш алқабының 80 гектар жерінің суы тартылған. Сыр маржанын жинау жұмыстары 27 тамызда басталып, бір ай ішінде толық аяқталады деген болжам бар.
– Биылғы егін жинау науқанына, – дейді ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Қ.Ахметов, – 18 дана жатка, 27 дана комбайн, 42 дана трактор мен 20 дана тіркеме, 6 дана автокөлік қатысады. Сондай-ақ науқандық жұмысқа 267 адам қатысады деп межеленуде.
Айтса айтқандай, бүгінде егін жинауға қатысатын ауыл шаруашылығы техникалары сақадай сай әзірлікте екен.
Қала әкімі Н.Нәлібаев сала басшылары мен тауар өндірушілерге ел несібесі – егінді жинау науқанын зор дайындық, асқан ұйымшылдықпен өткізуге байланысты нақты тапсырмалар берді.
Е.АҚҚАЛИҰЛЫ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<