Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мархабат Жайымбетов Сабалақ саяжайын газдандыруға байланысты атқарылып жатқан жұмыстардың барысын көрді.
Сабалақ саяжайын табиғи газға қосу жұмыстары биылдан бастап қолға алынуда. Аталған жоба 3 кезеңнен тұрады. Қазіргі таңда саяжайдың ішкі газ желілері жобасына қаржы қаралып, жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Бұл жұмыстарды “AЭS and Limited” ЖШС атқаруда.
Мархабат Жайымбетұлы мердігер мекеме өкілімен сөйлесіп, саяжай тұрғындары табиғи газдың игілігін көруді асыға күткендігін атап өтті. Сондықтан жұмыстардың сапалы жүргізілуін тапсырды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<