Фото: ашық дереккөз
ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният сәбиді хиджама тәсілімен (ағзадан қан шығару) емдеу мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгін Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер министрден әлеуметтік желіде тараған видеоға қатысты сұрақ қойды.
«Атырауда нәрестені хиджама тәсілі арқылы емдеп жатқанын видеодан көруге болады. Бұл қаншалықты дұрыс?», – деп сұрады тілші.
«Бүгінде адамдар дәстүрлі емес медицинамен айналысып жүр. Қалай болғанда да олар медициналық көмек көрсетсе, тиісті лицензияны алуы керек. Қазіргі кезде лицензияланатын медициналық қызметке хиджама жатпайды. Сондықтан Комитет (медициналық-фармацевтикалық бақылау) бұл деректі қарап, тексеру жүргізеді. Алдағы уақытта осы мәселелерді қарастыратын боламыз», – деді А. Ғиният.
Бұдан бұрын ҚР Парламенті Мәжілісінде дәстүрлі емес медицина нарығын тәртіпке келтіру қажет екенін айтқан еді.
Фото: omegadoctor.ru
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<