Сәбит Ұлықпанұлы референдумда дауыс берді

5

0

Бүгін мәдениет саласында 38 жыл еңбек еткен композитор, Қазақстан Республикасының Мәдениет саласының үздігі Сәбит Ұлықпанұлы №226 сайлау учаскесіне арнайы келіп, референдумға қатысып, өз таңдауын жасады.

Өнер саласында ұзақ жылдар еңбек еткен композитор азаматтық белсенділіктің әр адам үшін маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, елдің болашағына қатысты маңызды шешімдер қабылданатын мұндай саяси науқандарға қатысу – әрбір азаматтың жауапкершілігі.

Сәбит Ұлықпанұлы референдумның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын айтып, комиссия мүшелерінің жұмысына оң бағасын берді. Сонымен қатар, ол барша қазақстандықтарды елдің дамуына бей-жай қарамай, осындай маңызды күндері өз таңдауын жасауға шақырды.