Сән үлгісіндегі ұлт келбеті

681

0

Ұлттық мерекеміз – Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі аясында «Анаға тағзым» орталығында «Этно FASHION» облыстық сән үлгісі фестивалі өтті. Айта кетейік, таяуда Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа форматтағы тұжырымдамасы ұсынылған болатын. Бұл бастама бойынша 18 наурыз – Ұлттық киім күні.

Ұлттық құндылықтарды түрлі бағытта ұлықтап келе жатқан «Анаға тағзым» орталығында креативті индустрияны дамыту бағытында  «Брендке бір қадам» жобасы қолға алынған. «Этно FASHION» облыстық сән үлгісі фестивалі осы жобаға сай ұйымдастырылды.

Фестивальға облыс бойынша 17 дизайнер-тігінші қатысты. Әр дизайнер екі  түрлі  киім үлгісін ұсынды.  Бірі –  күнделікті киетін классикалық стильдегі заманауи этно киім үлгісі, екіншісі – сахналық, сәнді ұлттық киім. Сәнге шығарылған ұлттық киімдер әрбір дизайнердің ұшқыр ойы мен шексіз қиялынан туғаны көрініп тұр. Бір-бірінен матасы мен тігісі, ою-өрнектердің үйлесімі мен безендірілуі сияқты өзгешелігімен ерекшеленеді. Заман талабына сай этностильде жаңғыртылған ұлттық киімдердің жаңа нұсқалары көңілге қонымды, күнделікті тұтынуға үйлесімді.

Мәселен, ши құрақпен безендірілген этношапан, түймелері жылқы сүйектерінен әзірленген заманауи кеудешелер, киізден тігілген шапандар көрермен қауымды бей-жай қалдырмады.  Жалпы ұлттық киімдер дефилесінде 100-ге жуық сән үлгісі таныстырылды.

Фестиваль сарапшылары Шілдебаева Ләззат  – Қорқыт ата университеті «Дизайн және технологиялар» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Л.Шілдебаева, облыстық мәслихат депутаты, Қызылорда облысы бойынша «Әйелдер күштері Альянсы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы А.Әбибуллаева, белгілі хореограф, «Томирис» би ансамблінің жетекшісі, Мәдениет саласының үздігі Г.Мырзабаева сән шеруіне қатысты ой-пікірлерін ортаға салды. «Брендке бір қадам» жобасы аясында ұйымдастырылған фестивальдің алдағы уақытта дәстүрлі жалғасын табатынына сенім білдірді.

Фестиваль  қатысушыларына облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасыныңбасшысы Мира Қазбекова «Алғыс хат» және маталар үйінің арнайы сертификатын тапсырды. 

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<