«Сәт сапар, саған жас түлек!»

769

0

Кеше А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде Қызылорда ашық университеті және Қызылорда жоғары  көпсалалы колледжінің түлектеріне диплом тапсыруға арналған салтанатты жиын өтті.

«Сәт сапар, саған жас түлек!» атты шараны университет ректоры, техника ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қылышбай Бисенов ашып, бітіруші түлектерге жарқын болашақ тіледі. Білім ордасының ширек ғасырлық тарихында жеткен жетістіктеріне  тоқталды. 

Айта кетейік, Қызылорда ашық университеті отандық және шетелдік (Ресей, Оңтүстік Корея, Түркия) жетекші жоғары оқу орындарымен тығыз шығармашылық байланыс орнатқан. Студенттер заманауи талапқа сай сандық-инновациялық технологияны меңгеруде. Педагогика, ауыл шаруашылығы, технология, құқықтану, экономика, инженерия, өнер бағыттары  бойынша жоғары білімді, білікті мамандар дайындауды жүзеге асырып келеді. Нақты кезеңде университетті 360-тан астам, ал колледжді 230-дан астам түлек бітіріп отыр.

Салтанатты кешке облыстық мәслихат төрағасы Наурызбай Байқадамов, Қазақстанның Еңбек Ері Абзал Ералиев, облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Алмасбек Есмаханов, облыстық мәдениет және спорт басқармасының басшысы Мира Қазбекова, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сұлтанбек Тәуіпбаев, қала әкімінің орынбасары Жанмұрат Сейілов, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Әзизбек Ізімбетов және білім ордасының жұмыс берушілері – «Сыр Медиа» ЖШС бас директоры А.Оңғарбаев, «Ақмар И К» ЖШС директоры М.Қожабеков, «Jusan bank» облыстық филиалының директоры Р.Цой қонақ болып қатысты.

Кеш қонақтары мен Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің оқытушы-профессорлары университет түлектері мен колледж бітірушілерге диплом табыстап, сәтті сапар, ақ жол тіледі.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<