Саяжай тұрғындарымен кездесті

343

0

Қызылорда қаласының әкімі Нұржан Ахатов қала іргесіндегі «Ягодка» және «Пищевик» саяжайларына барып, тұрғындармен кездесті.

Қала аумағындағы саяжайлардың жыл өткен сайын аумағы кеңейіп, тұрғындар саны артып келеді. Сол себепті ондағы түйткілдер назарға алынып, туындаған мәселелерді шешу үшін ауқымды істер атқарылуда. Кездесуде саяжайлықтар ұсыныс-тілектерін білдірді. Ең негізгілері – басты көшелерге тас төсеу, аялдама мен жарық бағаналарын орнату, сондай-ақ электр желісін жаңарту.  Қоғамдық көліктердің жүруіне кедергі келтіретін ағаштарды ретке келтіру керектігі де айтылды.

Тұрғындардың көтерген мәселесін тыңдаған Нұржан Сәбитұлы қажетті шаралар қолға алынатынын жеткізді. Осылайша жауапты сала басшыларына алдағы он күн ішінде қоғамдық көлік қатынайтын негізгі көшенің бойына 3  аялдама, жарық бағаналарын орнатуды, жолға тас төсеуді тапсырды.

Бүгінде  аумағы 92 гектар «Ягодка» мен «Пищевикте» 1200-ге жуық халық тұрады. Тұрғындарды қаламен байланыстыратын қоғамдық көліктер күнделікті қатынауда.

Сара АДАЙБАЕВА,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<