Қызылорда қаласы полиция басқармасының қызметкерлері «Профилактика апталығы» іс-шарасы аясында қала маңындағы саяжай учаскелеріне («ПМК-29», «ПМК-66», «Қосшыңырау», «Талсуат») рейдтік тексерулер жүргізді. Оған 50 қызметкер және 10 автопатруль жұмылдырылды.
Мақсаты – қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, тұрғылықты жері бойынша ІІО-да есепте тұратындарды тексеру.
Саяжайларда полиция қызметкерлері құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша түрлі іс-шаралар өткізді. ІІО-да есепте тұратындар тексеріліп, олармен құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында профилактикалық әңгіме жүргізілді.
Елді мекенге қарасты 465 мекен-жай тексерілді, 17 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде отбасы-тұрмыстық қатынастарды бұзудың 2, қоғамдық орында спирттік ішімдік ішудің 3, абаттандыру қағидаларын бұзудың 19, жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұрудың 1 дерегі анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<