Сайлау 20:00-ге дейін жалғасады

1244

0

Сайлау жергілікті уақыт сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін өтеді. Аумақтық сайлау комиссияларының деректері бойынша дауыс беруге 36071 сайлаушы қатысады.

Олар осы сайлауға деп жасақталған 54 сайлау учаскесінде бүгін өз таңдауларын жасап, ел тарихында тұғыш рет өз әкімдерін тікелей дауыс беру арқылы таңдайды.
Еліміздегі алты саяси партия ауыл әкімі болуға өз кандидаттарын ұсынды.


Қызылорда облысы бойынша жергілікті уақыт сағат 17.00-ге келіп түскен ақпараттар бойынша келушілер саны 25 873 – 71.7% құрап отыр.


Арал ауданы бойынша 12 округте 19 учаске бойынша 8019 сайлаушы, оның ішінде келушілер саны 6251 – 78.0 % құрап отыр
Қазалы ауданы бойынша 3 округте 2673 сайлаушы, келушілер саны 2055 – 76.9%
Қармақшы ауданы бойынша 1 округте 2 учаске бойынша 3410 сайлаушы, келушілер саны 1786 – 52.4%.


Жалағаш ауданы бойынша 4 округте 5 учаске бойынша 3596 келушілер саны 2601 – 72.3%.


Сырдария ауданы бойынша 3 округте 2808 сайлаушы, келушілер саны 2010 – 71.6%
Шиелі ауданы бойынша 4 округте 5 учаске бойынша 4225 сайлаушы, келушілер саны 3035–71.8 %.


Жаңақорған ауданы бойынша 13 округте 17 учаске бойынша 11340 сайлаушы, келушілер саны 8135 – 71,7 %.


Сайлау барлық учаскелерде Конституциялық заңға сәйкес өтуде, құқық бұзушылықтар аңықталған жоқ, арыз – шағымдар түскен жоқ.


40 сайлау округі бойынша 151 кандидат ұсынылған. 131 кандидат тіркеліп, солардың 122-і бюллютеньге енгізілген. Кандидаттардың басым бөлігі – өз-өзін ұсынушылар.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<