Қазіргі уақытта партиялық емес бақылау орталығының байқаушылары елдегі 1845 сайлау учаскесін бақылауға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Біздің 2000-нан астам байқаушыларымыз республиканың барлық облыстарында жұмыс істеп, ең шалғай сайлау учаскелеріне де жетті.
Жалпы, сайлауда ауыл халқының жоғары белсенділігі байқалады. Келушілердің деңгейі жоғары, тұрғындардың көңіл күйі көтеріңкі. Сайлаушылар өз таңдауын жасауда.
Айта кету керек, сайлау учаскелерінде елеулі заң бұзушылықтар тіркелген жоқ. Біздің бақылаушылар сайлау процесінің заңдылығы мен ашықтығына әсер етпейтін кішігірім бұзушылықтарды тіркеді.
Біз еліміздің барлық азаматтарына сайлау заңнамасын мүлтіксіз сақтау және сайлау учаскелерінде арандатулар мен бұзушылықтарға жол бермеу керектігін айтқымыз келеді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<