Сайлауға қатысып, таңдау жаса!

887

0

Президент сайлауы − ең маңызды саяси науқан. Әрбір сайлау азаматтардың саяси мәдениетін көтеруге мүмкіндік береді.  Саяси науқанға қатысу өз таңдауың ғана емес,  азаматтық қоғамның дамуына алып келеді. Адамдар өз құқығын қорғауға бет бұрған сайын мемлекет дами береді. Елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы да жақсарады. Сайлау − таңдау жасаудан бұрын, азаматтық құқықтық қатынасты жүзеге асыратын мүмкіндік. Саяси шараға шақырғанда жауапкершілікті сезініп, билік сайлауды таза, әділ өткізетініне сенім білдіру керек.

Сайлауға қатысу арқылы президентті ғана таңдап қоймаймыз, бұл біздің келісті келешегімізге жасаған нақты қадамымыз болып есептеледі. Әрбір азаматтың өз таңдау құқығы бар. Барша қызылордалықтарды өз конституциялық құқығын пайдаланып, дауыс беруге шақырамын. Қазіргі қоғам белсенді. Халық елде болып жатқан процестерге қызығушылық танытады. Сондықтан алдағы шараға да ел ауызбіршілікпен қатысады деп сенеміз.

«Менің дауысым ештеңе шешпейді» деген сенімсіз ойдың мәні жоқ. Сайлауға қатысып, таңдау жасап, дауыс беру керек. Конституцияға енгізілген соңғы түзетулерге сәйкес, Қазақстан президенті жеті жылға және бір мерзімге сайланады. Бұл еліміздегі сайлау өткізу әдісі қоғам сұранысына сай бейімделіп жатқанын білдіреді. 20 қарашада өтетін сайлауға халықты белсенді қатысуға шақырамын.

Нұридин ӘМИТОВ,

  көпбейінді облыстық аурухананың директоры,

облыстық мәслихат депутаты

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<