Сайын Мұратбековке!

1792

0

Жазушы асыл қаламгер,

Елім деп келген адал ер.

Сайын атамдай жандар аз,

Шығарған теңіз еңбектер.

Әдебиетіне қазақтың,

Тудырған нұрлы ғажап күн.

Арқасында еңсерген,

Өшпестей зор талаптың.

Қаламгер көрнекті өкілі,

Жазбаның талант шебері.

Сайын аталар ғажайып,

Сөздердің маржан кемері.

Сексен бес жылдық мерей той,

Кеп жетті шаттық елейді ой.

Шабыттан жырым төгіліп,

Өрілді өлең телегей.

Арнадым сізге жырымды,

Ұрпаққа көсем шын үлгі.

Мұратбековтей тұлғалар,

Бола алған үздік білімді.

Алматы облысындағы,

Қапалдай ауданындағы.

Қоңырдай ғажап ауылда,

Сайын атамыз туылды.

Елім деп туған жазушы,

Ғаламды ғажап танушы.

Кітаптан білім сіміріп,

Қалам деп көрген қаруды.

Көрнекті өкіл қайраткер,

Жүректен шыққан көркем жыр.

Том томдар жазған еліне,

Болса да қиын тайғақ жол.

КАЗ МУ де сырттай оқыған,

Жаралған өнер отынан.

Ғылымның ғажап шоғынан,

Інжу маржанын шоқыған.

Мәскеудей үлкен қалада,

Білім ап жүрген балаға.

Таңдаңған талай мұғалім,

Керемет тұлға боп шықты,

Көп жылдар салып араға.

Сайындай ғажап жазушы аз,

Күйіне келген ән мен саз.

Қаламынан туған тылсым ой,

Секілді сәнді әсем жаз.

Курста әдеби жоғары,

Жазушы бағы жанады.

Таниды асыл қаланы,

Таниды тұнық даланы.

Сауатын ашып қаладан,

Құлпырып гәкку санада ән.

Жастықтың жалын отымен.

Жазушы ойы қиялмен,

Әлемге бөлек қараған.

Мұғалім болып аулында,

Колхозшылықтың жолында.

Жазушылыққа тап келген,

Алладан жазған тағдырға.

Еліндегі облыстық,

Аймағында аудандық.

Қызметкер боп әдеби,

Орналасқан жұмысқа,

Жұлдыздай боп бақ жанып.

Журналында жұлдыздың,

Биігіндей шың құздың.

Газетінде қазақтың,

Атқарып келген қызметін.

Меңгеруші бөлімде,

Бастап білім еңбекке.

Қазақ әдебиет газетінде,

Еткен еңбек өр кеуде.

Сайыны сайын даланың,

Жаппаған ешбір нала мұң.

Күн нұры жарық күзеткен,

Ел жұртым деген қабағын.

Қасқалдақтың қанындай,

Сия қаламмен жалындай.

Өнерін елге паш еткен,

Өзінің жалғыз жанындай.

Одағында жазушы,

Бола білген кеңесші.

Надандыққа қарсы боп,

Жеңе білген кезінде,

Білімсіздікті ең ескі.

Таудай таудай кереметтер,

Атқара алған еңбектер.

КП комитетіне,

Ең жауапты қызметкер.

Жазбадағы ең күшті,

Басқан биік басқышты,

Қазақстан жазушы,

Одағының хатшысы.

Елге адал саналды,

Басшыда ең жоғарғы,

Қазақстан кеңесінің,

Депутаты бола алды.

Өте құнды саналған.

Баспаларда жаңарған,

Менің қарындасым мен,

Ауыл отын жаза алған.

Отау үйі, көкорай,

Жабайы алма даланы-ай.

Дос іздеген шығарма,

Жинақтарын шығарған,

Сайындайын ағам ай.

Прозаны сүйген қастерлеп,

Жанарын ыстық жас кернеп.

Табанды туған жазушы,

Туындылары көркем көп.

Мұратбек үлкен атасы,

Түзу айтылған батасы.

Немересін сүйемелдеп,

Әлпештеп сүйіп бағады.

Сапарғалидай ағадан,

Кейін туған Сайыннан.

Қастерлі қиын бала кез,

Ағаларынан айрылған.

Соғыспен келіп дәлме дәл,

Кезеңге түсіп қиын тар.

Ауыр бейнетті кешеді,

Мұратбектейін атасы,

Бағады сол кез үйін бар.

Күңірентіп барша ананы,

Мұң етіп кербез даланы.

Майданға сол кез әкесі,

Аттанып кетіп қалады.

Көңілдіксіздік жаулап сананы,

Көз жасы жерге тамады,

Шөберелерін бағумен,

Мұратбек ата қалады.

Тағдырды кешіп тым ащы,

Тағдырға болмай таласы.

Алты жасқа келгенде,

Өмірден өтіп кетеді,

Рәзиядайын анасы.

Дәл осындай өмірі,

Көрініп көп белгісі.

Жабайы Алмада жазылған,

Суреттелген белгісі.

Сексен алты жылдары,

Жадырап жарқын жырлары.

Шығармалары ғаламат,

Бір томдығы шығады.

Қалың қар мен Өліара,

Ескек желдей мұнара.

Повестерін тудырған,

Сайындайын ғұлама.

Кітап қылып жаңартқан,

Құтқарып надан азаптан.

Білімді елді қылсын деп,

Сайындай ерді Жаратқан.

Дом молодых Дикая,

Орыс тілінде яблоня.

Кітаптары тараған,

Сүйіп оқыр бар дала.

Запах польни тамаша,

У теплого родника.

Орыстарға танылды,

Жылдар салып араға.

Ауыр тұрмыс бейнетін,

Жия алмаған ел есін.

Зұлмат соғыс замандар,

Ауыр басқан таңбасын.

Еңбегінде сол шақты,

Баяндаған салмақты.

Ауыр тұрмыс соғыстан ,

Далаларда қан қатты.

Еңбектері әрдайым,

Жарық атқан таңдайын.

Оқырманын мыңдаған,

Тауып отыр балдайын.

Қалмай шебер шетелген,

Шын өнерді әкелген.

Жазушысын қастерлеп,

Көкке қазақ көтерген.

Танылды зор құрметке,

Алғыс айтып еңбекке.

Шығарды өзбек тілінде,

Евшан иісі Ташкентте,

Көркем повесть саналар,

Оқырманын таба алар.

Әрем иісі аталып,

Оқыды сүйіп татарлар.

Украйн мен белорусь,

Грузин мен армян.

Литва Азербайджан тілінде,

Повесттері дөп шыққан.

Ғұлама атам шебер ед.

Еңбегі есіл ең ерек.

Тел өскен ұл, Тас ғалам,

Кинофильмі керемет.

Ел білді ерді ендігі,

Жүрегі үлкен кеңдігі.

Жабайы Алмаға бұйырды,

Тәуелсіз Тарлан сыйлығы.

Адамдық толы кеудесі,

Еленді елде еңбегі.

Марапаты бұйырды,

Құрмет белгі ордені.

Атаға берді батаны,

Сойылып елдің атаны.

Берілді Сайын Атаға,

Еңбек сіңірген Қазақстан,

Қайраткері атағы.

Еңбексүйгішке ең ерен,

Сайын атамды тең көрем.

Жазушыны дарынды.

Еске алады күллі әлем.

Алтынай Берік,

М.Мәметова атындағы

Қызылорда педагогикалық

жоғары колледжінің студенті

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<