Сала ардагерлері жастармен кездесті

473

0

Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаментінің ардагерлері аудандарды аралап, мемлекеттік орган қызметкерлері,  ардагерлер және жастармен кездесу өткізді. 

Кездесу барысында арнаулы мемлекеттік орган ардагерлері Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттап, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мақсаттары мен міндеттеріне, атқарылған қызметтерге қысқаша тоқталды.

Сонымен бірге, басқосуда «ҚР ҰҚК органдарының ардагерлері» республикалық қоғамдық ұйымы Қызылорда облысы бойынша филиалының төрағасы Серік Досмағамбетов және ардагерлер Талапбай Мадияров, Сәбит Базарбаев, Еркінбай Арынғазиев, Әлібек Дәрібаев, Азат Шарапатов Ұлттық қауіпсіздік органдарының қатарына қызметке қабылдау тәртібін түсіндірді.

Мұнда сала ардагерлері Отан алдындағы борышын өтеу әрбір ер азаматтың парызы екенін жеткізді. Сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке орналасқан азаматтарға әлеуметтік қолдаулардың болатыны айтылды.

Басқосу барысында аудан жастары сұрақтар қойып, тұщымды жауап ала білді.

Аудандардағы ардагерлер ұйымына ҰҚК құрметті ардагері, отставкадағы полковник Әмірхан Бәкірұлының Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетімен тұңғыш жүзеге асырылған «Набат» операциясына қатысты кітабы сыйға тартылды.

Кездесу соңында ҰҚК және аудан ардагерлері тарапынан облыс аймағында жастармен танымдық кездесулер ұйымдастыруға ұйытқы болған облыс және аудан әкімдеріне алғыстарын білдірді.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<