Сала үздіктерін марапаттады

684

0

Кеше облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова «Көлік қызметкерлері күні» кәсіби мерекесіне орай сала қызметкерлерін қабылдады деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Облыста бұл салада 15 мыңнан астам адам еңбек етеді. Кәсіби мереке қарсаңында 50 қызметкер облыстың Құрмет грамотасымен және облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Олардың ішінде жүргізуші, жолшы, ұшқыш, машинист, жолсерік, вагон қа­раушы, диспетчер және басқа да мамандық иелері бар.

Қабылдауда еңбек өтілі 43 жылды құрайтын «ТрансТурСервис» ЖШС автобус жүргізушіcі Елубай Кү­дербаевқа, 50 жыл осы салада тер төгіп келетін «Талап и К» ЖШС қызметкері Виктор Лиге облыстың Құрмет грамотасы және 39 жыл қызмет етіп келе жатқан «БауТЛ и К» ЖШС маманы Алма Ер­назароваға, «Қасқабаева» же­ке кәсіпкерлігінің жұмыс­шы­сы Дастанбек Тынымбетов­ке облыс әкімінің алғыс хаты табысталды. Карантин шек­теулеріне байланысты өзге де қызметкерлер марапаты жұ­мыс орындарында табысталады.

Айта кетейік, облыста 212 елді мекенді аудан және облыс орталығымен байланыстыратын 204 автобус маршруты ұйымдастырылған.

«Қызылорда-Ташкент» ба­ғы­тына халықаралық 1 ав­тобус маршруты, Нұр-Сұл­тан, Алматы, Шымкент, Жез­қазған, Түркістан, Сары­ағаш, Ақтөбе және басқа да қалаларға облысаралық 13 автобус маршруты ұйымдасты­рылып отыр.

Әуежай қызметі – көлік саласындағы маңызды буын­ның бірі. Биылғы жаз маусымында «Қорқыт Ата» әуе­жайы арқылы аптасына 37 рейске дейін ұшулар орындалды (Нұр-Сұлтан қ. – 21 рейс, Алматы – 14 рейс және Қарағандыға – 2 рейс). 2020 жылдың маусым айынан бастап Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларына «Skat», «Qazaq Air» әуекомпанияларының күн­делікті рейстері ұшуда.

Сонымен бірге облыс­тан өтетін магистральдық те­мір жол желісінің жалпы ұзын­дығы 1055 шақырымды құ­райды және 8 темір жол вокзалы жолаушыларға қызмет көрсетуде. 

Облыс аумағынан 19 жұп жолаушы пойызы, оның ішін­де мемлекетаралық бағыттағы 7 жұп пойызы өтсе, облыс орталығынан 6 жұп пойызы ұйымдастырылған.

Көлік қызметінде мүм­кін­дігі шектеулі азаматтардың (автомобиль, темір жол және әуе көлігінде) қолжетім­ділі­гін қамтамасыз ету қарасты­рылған.

«Бүгінгі таңда көлік сала­сы – халқымыздың әлеу­мет­тік-экономикалық жағда­йына тікелей әсер ететін эко­но­миканың негізгі күші. Кә­сіби мерекелеріңізбен шын жү­ректен құттықтаймын және еселі еңбектеріңіз үшін үлкен алғысымды білдіремін. Қазір біз үшін ең басты міндет –  пандемиямен күресу. Осы бағытта да жолаушылар тасымалы барысында халықты сақтандыру шаралары қарқынды қамтамасыз етілген. Бұл қиындықтан бірге міндетті түрде шығамыз», – деді облыс әкімі.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<