Сала жұмысы серпінді

560

0

Сала жұмысы серпінді А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде облыстық білім басқармасының басшысы Майра Мелдебекованың есеп беру жиыны өтті. Онда басқарма басшысы бүгінгі таңдағы білім саласының даму барысын таразылай келіп, заман талабына сай мамандар даярлау мәселесіндегі басым бағыттарға тоқталды. Жалпы, мектепке дейінгі тәрбие, орта білім, кәсіптік және техникалық білім беру деңгейі, салада сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, әлеуметтік қолдау шаралары сияқты жұмыстар жан-жақты қамтылды. Айта кетейік, биылғы ҰБТ – ға қатысу деңгейі жоғары, ал орташа білім деңгейі өткен жылғы нәтижеден төмен емес. 

Жиында қалалық білім бө­лі­мінің басшысы Меруерт Әбді­қалықова қала мектептерінің бі­лім сапасын, материалдық-тех­ни­калық жағдайын саралап, бұл ба­ғытта атқарылып жатқан жұ­мыс­тардан хабардар етті. Баяндама барысынан байқағанымыз, жыл сайын оқушылар саны артып келеді. Сол себепті, «Сая­хат» шағын ауданында жаңа мек­теп ғимаратының құрылысы бас­талса, кейбір орта білім беру ұйымдарына қосымша ғимарат салу  қарастырылып отыр. Ал, И.Әб­дікәрімов атындағы Қызыл­орда аграрлы-техникалық жоғары колледжінің директоры Ибадулла Құттықожаев  колледждер бойынша білім беру сапасын жақсарту, осы орайда дуальді оқытудың мүмкіндігін кеңейту бағытындағы ұсыныстарын ортаға салды.

Педагогикалық шеберлік орта­лығы филиалының директоры Со­фия Камалова жаңартылған білім беру мазмұны, критериалды бағалау жүйесі  бойынша хабарлама жасап, тәжірибеге енгізілген бағалау жүйесін ата-аналарға жан-жақты түсіндіріп өтті. Сондай-ақ, «Bilim Foundation» қоғамдық қорының аймақтық өкілдігінің басшысы Сымбат Әбдрахманова ата-аналарға психологиялық кеңес берді. Қаладағы Ә.Мүсілімов атын­дағы №101 мектептің қам­қор­шылық кеңесінің мүшесі Жа­расбек Өтебаев мектептер жа­нын­дағы кеңес жұмысы бойынша  өз тәжірибесін бөлісті.

Жиынға қатысушылар жаңа мектеп құрылысын салу,  жеке мектеп ашу, дарынды балаларды қолдау шаралары, жоғары оқу орындарына облыс әкімінің гранты есебінен оқу мәселелерін тал­қылады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<