Жақында Жоғарғы Сотта «Сот жүйесінің жеті түйіні» жобасы әзірленіп, онда дамудың жетібасым бағдарламасы шоғырландырылды. Аталған жоба салада іс жүргізуді толықцифрландыру, судьялардың ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, халықтыңсот жүйесіне деген сенімін жетілдіруді көздейді.
Бүгінде«Сот төрелігінің жеті түйіні» аясында «Мінсіз судья», «Үлгілі сот», «Әділпроцесс», «Е-СОТ», «Оңтайлы орта», «Сапалы нәтиже», «Сотсыз татуласу орталығы»секілді жобалар қарқын алып, саланың қарыштап дамуына септігін тигізуде.
Жобааясында дауларды шешудің баламалы тәсілдерін жетілдіру, құқық бұзушылықтыңалдын алып, оңтайлы орта қалыптастыру мақсатында дауларды соттан тыс шешуқұралдарын дамытып, сотсыз татуласуға бағытталған іс-шаралар жоспары жасалуда.
Е-СОТхалық пен сот қызметкерлерінің ІТ қызметін толық пайдалануына жағдай туғызады.Ол үшін ІТ саласында жаңа трендтер, қарапайым және қолайлы электрондықсервистер жасалады. Нәтижесінде судьялар жұмысы жеңілдеп, сотқа жүгінушілерәуре-сарсаңы азаяды. «Оңтайлы орта» бағдарламасы қоғам мен соттар арасындатиімді қарым-қатынасты орнатуға арналған.
Облыстықсот пен «Бітім» медиация орталығы арасында жасалған өзара ынтымақтастықмеморандумы аясында 18 азамат медиация орталығында жалпы курсынан өтіп,сертификаттар алған. Олар қазір аудандық соттарда ашылған медиаторкабинеттерінде, құқықтық қызмет көрсету орталықтарында халыққа қызметкөрсетуде.
Электрондықылмыстық іс дегеніміз – қылмыстық іске қатысты барлық деректерді сақтайтынақпараттық жүйе. Бастысы, қылмыстық істі жүргізетін органдардың электрондыжүйесінен бастап барлық жүйенің интеграциясын жүргізу керек. Оның мәні – сотқадейінгі тергеуге қатысты барлық мәліметтер электронды түрде толтырылып,прокурорға жіберіліп, прокурор арқылы электронды түрде сотқа түседі. Ісүрдісіне қатысушы қорғаушы немесе адвокат істің дамуын онлайн режимінде бақылайалады.
Электрондықылмыстық істі жүргізудегі басты мақсат – қылмыстық сот ісін жүргізуге сандықтехнологияларды енгізу, оның айқындығын арттыру, қылмыстық процестің мерзімінқысқарту.
Электрондықылмыстық іс уақытты, адам ресурстарын және бюджет қаражаттарын үнемдейдіжәне, ең бастысы, қылмыстық процеске қатысушылардың құқықтарын жәнемүдделерін қатаң сақтайды. Сондай-ақ, қосымша қаржыны талап етпейді. Керісіншеэкономикалық үнемділік тұрғысынан қарағанда артықшылығымол. Бұрын қылмыстық іс қағаз форматында жүргізілетіндіктен, оған кететін шығынкөп болды.
Биыл7 қыркүйек күні «Үлгілі сот» жобасын іске асыру шеңберінде жоғарыда аталғансектор кеңейтіліп, фронт-офис ретінде қайта құрылды.
Осыжылы 14 қыркүйекте «Судья көмекшісі» пилоттық жобасын іске асыру туралы ережебекіді. Пилоттық жобаға қатысушылар ретінде қалалық сот пен мамандандырылғанауданаралық экономикалық соты белгіленді. Осылайша қалалық сот төрағасыныңөкімімен 3 судьяға, облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалықсоты төрағасы міндетін атқарушысының өкімімен 2 судьяға судья көмекшілерібекітілді. Бүгінгі таңда судья көмекшілері өз жұмысын бастап кетті.
Мұнанбөлек, Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Виртуалды сот»қызметі іске қосылды. Бұл – бұқара үшін тиімді, әрі қолжетімді. Себебі, сотпроцесіне келуге мүмкіндігі болмаған адам ұялы байланыс телефоны немесе басқагаджеттер арқылы қатыса алады. Бүгінде әлемді тетік арқылы басқаратын деңгейгекеле жатырмыз. Сондықтан бұл өзгешелікті мүмкіндігінше пайдаланғанымыз абзал.
Сондай-ақ,әкімшілік сотта мұнан өзге «Түнгі сот» пилоттық жобасы іске асырылуда. Биылғы 9айда «Түнгі сот» жобасы бойынша 18 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.Құқық бұзушы сот процесі тағайындалған уақытта жұмыста болуына байланысты,әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі жұмыс уақытынан кейін қарау жөніндеөтініш білдіре алады. Аталған әкімшілік істер жұмыстан кейінгі уақытқатағайындалып, құқық бұзушылардың қатысуымен қаралады. «Түнгі соттар» пилоттықжобасы қазіргі қоғамның сұранысына дөп келіп тұр.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<