Салауатты жастар – салауатты қоғам

907

0

Фото: ашық дереккөз

Қызылорда облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жыл басынан бері есірткінің зияны туралы облыстағы оқу орындарында 60-тан астам кездесу, дәріс және терннингтер өткізуде.

Оқушылар мен студенттерге қазіргі есірткі ахуалының динамикасы, нашақорлықтың медициналық, әлеуметтік, құқықтық мәселелер мен есірткі құралдарының заңсыз айналымы туралы айтылып, тергеу және сот практикасынан мысалдар келтірді. Дәріс барысында қатысушылар нашақорлықтың пайда болу тетіктерін талқылады.

Сонымен қатар, нашақорлықтың алдын алу және психоактивті заттарды тұтынудың адам ағзасына тигізетін кері әсерін, сондай-ақ электронды темекі мен энергетикалық сусындарды пайдаланудың қаупі туралы айтты.

Аталған кездесу барысында арнайы бейнероликтер көрсетіліп, полиграфиялық өнімдер таратылды. Полиция қызметкерлерімен бірге осы бағыттағы жұмыстарды іске асыруға үкіметтік емес ұйымдар да атсалысты.

Іс-шараға жастар белсенді қатысып, сұрақтарға жауап беріп, көкейде жүрген сауалдарға жауап алды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<