Парижде аспаннан Жерге құлаған салмағы 364 келі метеорит аукционға қойылды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат Lucien аукцион үйінің сайтына сілтеме жасап.
Парижде 21 қазанда өтетін аукционда Жерге түскен аспан денелері сатылады. Оның басты экспонаты – ХІХ ғасырдың аяғында Жерге құлаған салмағы 364 келі тартатын Мон Дье метеориті. Ол – Франциядан табылған метеориттердің ішіндегі үлкендігі жағынан үшіншісі. Сарапшылар аспан денесін 80-120 мың еуро аралығында бағалап отыр. Аукционға қойылған тағы бір лот – салмағы157 келі метеорит. Оны 1968 жылы Францияның солтүстік-шығысындағы Об департаментінен фермер тауып алған.
Оның құны – 30-50 мың еуроа аралығында. Метеориттерден тыс, NASA түсірген фотосуреттер, Le Parisien және France Soir газеттерінің Apollo 11 миссиясына арналған нөмірлері, Ай бейнеленген конверттер де аукционға қойылған.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<