Бүгін аудан әкімінің орынбасары Ғани Сүлейменов «Спортшылар күні» мерекесі қарсаңында ауданда бұқаралық спорттың дамуына үлес қосып жүрген азаматтарды қабылдады.
Салтанатты қабылдауда өз саласының үздіктері облыс, аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.
Сондай-ақ, сала бойынша жауапты басшылар мен жаттықтырушылардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды.
Қабылдау барысында айтылған ұсыныс-пікірлер бойынша тиісті жұмыстар жасалатынын айтқан Ғани Сүлейменов, аудан абыройын биікке жетелеп жүрген жандардың мәселесі күн тәртібіннен түспейтінін айтты.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<