Салық кодексі: Жаңа жобада қандай өзгеріс бар?

328

0

Күні кеше Мәжіліс Салық кодексінің жаңа жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Құжат жобасын 4 сағат бойы талқылаған депутаттардың басым көпшілігі жаңа редакцияны қолдап дауыс берді деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

Мұнда қалыс қалғандар саны – 9, қарсы болғандар – 7, 1 депутат дауыс бермеген. Сондай-ақ «Ақ жол», ЖСДП мен Қазақстан халық пар­тиясының фракция төрағалары кодекс жобасы өздері қоспақ болған ұсыныстарды енгізген жағдайда ғана қа­былдану керек деген ұстанымдарын айтты.

Құжатты депутаттарға таныс­тыр­ған ҚР Премьер-министрінің орын­басары – Ұлттық экономика ми­нистрі Серік Жұманғариннің сөзінше, ҚҚС салынатын айналымның төменгі шегі 40 млн теңге болуы мүмкін. Осы шешімнің аясында Үкімет жеке кәсіпкерлікті тіркеу рәсімін қатаң­датпақ.

Вице-премьер сонымен қатар ҚҚС-тің төменгі шегі 40 млн теңге болса, салық түсімі қанша бола­ты­нын да айтқан. Мұнда ақылы ме­ди­циналық қызметтерге 10% ҚҚС салыну ұсынылып отыр. Ал ауыл шаруашылығындағы тауар өн­дірушілер ҚҚС-тан толық боса­тыл­майтын болды.

Жаңа редакцияда 1,3 трлн теңгеден асатын 128 салық жеңілдігін алып тастау ұсынылған. Сонымен бірге, Серік Жұманғарин корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесі өсетін салаларды атады.

Сондай-ақ ол сән-салтанат са­лығы кімдерге салынатынын айтты. Нақ­тырақ айтсақ, құны 450 млн тең­геден асатын жылжымайтын мү­лік иелері ұлғайтылған салық тө­лейді. Ал жылдық табысы 33,4 млн теңгеден асатын азаматтар табы­сының 15 пайызын салыққа тө­леуі мүмкін. Ұсынылып отырған ре­форма бойынша салық есебін тап­сы­ратындар саны 30 пайызға қысқармақ.

Серік Жұманғариннің пайым­дауынша, үй жанындағы дүкендер мен шаштараз иелеріне бұл рефор­мадан қорқудың қажеті жоқ. Сондай-ақ вице-премьер жаңа Салық кодексі­нің қағидаты бойынша байлар көбірек салық төлеуге тиіс екенін айтты.

Кодекстің жаңа редакциясына БАҚ-ты ҚҚС-дан босату туралы ұсыныстар енбегені белгілі болды.

«СБ» ақпарат