Алматы қаласында Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясында өткен XVI Республикалық Кіші Олимпиадада Халық артисі, прфессор Ғ.Қ.Есімовтың 75-жылдығына арналған конкурс өз мәресіне жетті.
Сайысқа еліміздің барлық облысынан музыкалық колледж студенттері қатысқан. Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжінің студенттері “Академиялық ән салу”бағыты бойынша өз өнерлерін көрсетті.
![](https://syrboyi.kz/wp-content/uploads/2022/04/278092660_3219873351625826_484057992574562794_n.jpg)
Жас дарындардың өнер додасында талантты әнші, «Құрмет» орденінің иегері Самал Байсейітованың шәкірттері жүлделі I II III орындарға ие болды. Білім ордасының ұжымын, Сыр елінің жас орындаушыларымен ұстаздары Самал Жанасылқызын жеңістерімен құттықтаймыз!
Гүлбану МАҚАЖАН, «Сыр бойы»
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<