Самат Ерниязов – «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басқарма төрағасы

1625

0

«Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы лауазымына Самат Ерниязов тағайындалды.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Қожаниязов корпорацияның жаңа басшысын ұжымға таныстырды.

Самат Нұрахметұлы Ерниязов 1975 жылы Қызылорда қаласында туған. Білімі жоғары, Қызылорда политехникалық институтын «Агроөнеркәсіп саласындағы экономика және менеджмент» мамандығы бойынша және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Қызылорда филиалын «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1997 жылы Қызылорда қаласы әкімдігінің экономика бөлімінің жетекші маманы ретінде бастады. Қызылорда қаласы әкімдігінде  бөлімнің бас маманы, бөлім басшысы, «Қызылорда» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының директоры лауазымдарын атқарған. 2002-2004 жылдары ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігі Автомобиль жолдары комитеті басқарма басшысының орынбасары, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің бас сарапшысы қызметтерінде болған. 2005 жылдан бастап Қызылорда қаласында түрлі қаржы ұйымдарында еңбек етті.

2014 жылдан бастап осы уақытқа дейін «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы» МҚҰ» ЖШС директоры қызметін атқарып келді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<