Сапа қатаң сұралады

204

0

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен  мәжіліс өтіп,  «Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен салынатын мектептер, көпқабатты тұрғын үйлер құрылысына қатысты мәселелер талқыланды.

Аймақ басшысы жауапты тұлғаларға нысандардың сапасын тұрақты  қадағалауды тапсырды.

– Құрылыс алаңдарындағы жұмыстарды  күнделікті бақылау қажет. Сапа бірінші кезекте сұралады, талап етіледі.  Жоспарланған жұмыс тиянақты іске асып, белгіленген уақытта аяқталуы тиіс, – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Сондай-ақ жиында облыс орталығы мен барлық ауданда салынатын баспана, өзге әлеуметтік нысандардың құрылыс барысы бағамдалды. Мердігер мекемелерге жұмысты талапқа сай етіп атқару  қажеттігі қатаң ескертілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<