Еркінсуге әлі ерте

625

0

Карантиндік шаралар жеңілдетіледі. Бірақ індеттің беті қайтқан тұста, сақтық шараларына бейқам қарауға болмайды. Осының алдында эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру үшін шілде айында енгізілген шектеу шаралары оң әсерін бірден байқатты. 29 шілдеде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев карантин шараларын кезең кезеңімен жеңілдету арқылы екі аптаға ұзартуды тапсырған еді. Осы уақыт аралығында ахуал тұрақталып, науқастанғандар саны төмендеді.

Маусым, шілде айларының басындағы күрделі жағдай ел есінде. Сондықтан сақтыққа селқос қарамай, қарапайым ғана ережелер – маска тағу, көпшілік жиналатын орындарда арақашықтықты, жеке гигиенаны сақтау маңызды. Бұл өзіміздің саулығымызды ойлау ғана емес, жақындарымыз алдындағы жауапкершілік пен жанашырлық.

Карантин шараларының арқасында елдегі жағдай әлдеқайда жақсарып, тұрақталғанын түсіндік. Сондықтан әлемді жайлаған пандемия кезінде әлі де сақтық шараларын ұмытпағанымыз абзал.

Бағжан БАҚЫТЖАНОВА,

№5 И.В.Панфилов атындағы мектеп-лицей оқытушысы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<