Сарбаз сүйегі табылды: туысқандары немесе танитындар болса хабарлассын

533

0

Қалмақияда қазақ жауынгерінің сүйегі табылды, деп жазады Egemen.kz.

Pavlodarnews.kz жазғандай, Астраханнан шыққан «Эхо войны» іздестіру отряды Қалмақияның Хулхута ауылының маңынан сарбаздың сүйегін тапқан.

Жауынгердің аты – Нисанбаев Хабад (р / т) ай.
Павлодарлық «Майдан жолы» іздестіру тобының командирі Александр Шитовтың айтуынша, сарбаздың ОСОАВИАХИМ ұйымына мүшелік картасы Батыс Қазақстанда шығарылған. Жауынгер майданға 1940 жылы Семиозерный ауданы, Ленинская көшесі, 13 (әскери комиссар Ермошкин) әскери комиссариаты арқылы шақырылған

«Жауынгердің қайтыс болған жері – Қалмақия АССР, Черноземельский ұлысы, кезеңі: 1942 ж. Қыркүйек-қараша. Болжалды қызмет орны – 152 ОСБР немесе 107 гвардиялық атқыштар полкі (34-гвардиялық дивизия), 28-ші армия», деді Александр Шитов.

Сарбаздың туысқандары немесе оны танитын адамдар павлодарлық «Майдан жолы» іздестіру тобына хабарласа алады (Павлодар, электрондық пошта: alex.shitov@mail.ru; моб.: 8777-461-73-78 ).

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<