Аймақ басшысының тапсырмасымен облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешев сауда нысандарының қазіргі ахуалы, санитарлық жағдайы, өрт қауіпсіздігі, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы және т.б. мәселелер бойынша сауда үйлері мен базарларды аралады.
Оған Сауда және интеграция министрлігі Қызылорда облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау, төтенше жағдайлар, полиция департаменттері, кәсіпкерлік және өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармалары, Қызылорда қаласының әкімдігі, «Байқоңыр» ӘКК» АҚ, БАҚ өкілдері қатысты.
«Small», «Қызылорда» сауда желілерінде, «Сұлтан», «Сыбаға» базарларында Жаңа жыл қарсаңында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз өсірмеу, тазалық сақтау, бейберекет саудаға жол бермеу туралы айтылып, қауіпсіздік шарттары түсіндірілді.
Айта кетейік, бұл жұмыстар «Жібек жолы» сауда ойын-сауық орталығында, «Асбол» сауда базарында және т.б. сауда желілерінде жалғасады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<