Өрт қауіпсіздігі талаптары және құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша Қызылорда қаласы әкімдігінің қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі, облыстық төтенше жағдайлар департаменті, облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы мен кәсіпкерлік палата өкілдері қала аумағында орналасқан ірі сауда үйлер мен базарларды аралады.
Сала мамандары тарапынан кәсіп иелеріне өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау бағытында үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Бұдан бөлек, өрт сөндірудің алдын алу, өрт сөндіру техникаларымен оны қолдану әдістері бойынша кеңінен мағлұмат беріліп, арнайы әзірленген жадынамалар таратылды.
Сондай-ақ, аталған нысанындарда халық көп жиналатын ауқымды (науқан т.б) шараларды ұйымдастыру барысында күзет қызметін күшейтіп, құқық қорғау органдары мен жергілікті атқарушы органдарға хабарлай отырып, қауіпсіздік талаптарын сақтау қажеттігі түсіндірілді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<