Сауда үйлері мен базарларда рейд жұмыстарын жүргізді

328

0

26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орайластырылған айлықтың аясында Қызылорда облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыс орталығының сауда үйлері мен базарларында рейдтер өткізді.

Полиция қызметкерлері сатылатын тауардың арасынан марихуана бейнеленген киім-кешек іздеді. Рейд барысында кәсіпкерлерге қарасора жапырақтары бейнеленген киімдерді сатуға жол бермеу туралы ескертілді және заң тұрғысынан бұл есірткіні насихаттау және жарнамалау болып табылатындығын түсіндірді.

Рейд барысында кәсіпкер-қожайындарға, бутиктер мен сауда нүктелерінің сатушыларына қажетті ақпараты бар флайерлер таратылып, әкімшілік жауапкершілік туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

ҚР ӘҚБтК-нің 423-бабына сәйкес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 300, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 500, ал ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 1000 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді, лицензиядан айырумен немесе онсыз.

Сатушылар полицейлерге түсініктемелер мен алынған жадынамалар үшін алғыс білдірді, сонымен қатар растаман символикасы деп аталатын киім сатуға рұқсат берілмейтінін білмегендерін мойындады.

Осындай рейдтер жүргізу тұрақты негізде жалғастырылатын болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<