Сауда желілерімен үстеме баға лимиті жөнінде 60 меморандум жасалды

634

0

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов сауда желілерімен әлеуметтік маңызы бар өнімдерге үстемеақы лимитін белгілеу жөнінде меморандум жасалғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің аумақтық департаменттерінде байланыс орталықтары ұйымдастырылған. Заңнама нормаларын бұзған субъектілер әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Қазіргі таңда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына 10%-дан аспайтын мөлшерде сауда үстемесін белгілеу бойынша сауда желілерімен 60-қа жуық меморандум жасалды», – деп жазды Әлихан Смайылов депутаттық сауалға берген жауабында.

Оның айтуынша, Үкімет жергілікті атқарушы органдардың баға белгілеу тізбегі бойынша делдалдық схемаларды тергеу жұмыстарын үйлестіруді қамтамасыз етеді.

Негізгі міндеттер – делдалдарды анықтау және жолын кесу.

«Бұл ретте, көбінесе әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын үй жанындағы дүкендер көтереді. Оған қоса, микро және шағын кәсіпкерлікті тексеруге мораторийдің қолданылуына байланысты мемлекеттік органдарға жоспарлы тексеру жүргізуге шектеу бар. Жоспардан тыс тексерулер халықтың шағымдары негізінде ашылады (ҚР Кәсіпкерлік Кодексінің 144-бабының 3 – тармағы), оның қорытындысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарын сатып алуға ілеспе және жүкқұжат құжаттарының болмауына байланысты бұзушылықтар анықталады», – деп толықтырды Премьер.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<