Сауда жүйесінің салмағы

279

0

ҚР Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Арман Шакқалиев облысқа арнайы жұмыс сапармен келіп, облыс әкімінің қабылдауында болды және белсенді қоғам өкілдерімен кездесті.

Аймақ басшысымен кездесуде экспортты дамыту және кәсіпкерлерді қолдау мәселелері талқыланды.

Негізгі азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін Үкімет арқылы қабылданған шаралар, «форвардтық сатып алу», «айналым схемасы», сауда инфрақұрылымын дамыту, техникалық және экономикалық тұрғыдан ішкі нарықты қорғау және сауда желілеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселелері баяндалды.

Жиында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға белгілеудің тізбегі бойынша делдалдық схемаларға қарсы күрес жөніндегі өңірлік комиссиялардың жұмысы жүйеленіп, олардың құрамы күшейтілгендігі туралы айтылды.

Арман Абайұлы жергілікті мемлекеттік кірістер департаментін өңірлік комиссиялармен жұмысты белсенді түрде құруға шақырды.

Мұнан кейінгі кездесуде вице-министр тұтынушылар құқығын қорғау, ішкі сауданы дамыту, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және басқа да мәселелерге тоқталып, тұрғындардың сауалдарына жауап берді. Тұрғындармен кездесу аясында вице-министр жеке қабылдау өткізіп, бизнес өкілдерімен де жүздесті.

Негізгі азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында аймақтағы белгілі «Абзал и К», «Жан Арай», «Алтын қамба», «Алтын орда» және «Далатекс» компанияларын аралап, кездесулер ұйымдастырды.

Жұмыс сапарының соңында журналистердің сауалына жауап берді.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<