Саяси науқаннан сырт қалмау керек

350

0

Қызылорда облысы бойынша іскер әйелдер қауымдастығы жанынан құрылған саясаткер әйелдер клубы кезектен тыс Президент сайлауын қолдайды. Бұл туралы клуб төрайымы Рахима Ахметова ашық пікірсайыс алаңында хабарлады. Жиында қатысушылар орын алып жатқан саяси реформалар жайында айтып, сайлаудың ел болашағы үшін маңызы орасан екенін жеткізді.

– Қазақстан – әлем алдында өз орнын қалыптастырған мемлекет. Сондықтан болар, қазір дүниежүзінің назары бізде. Бұл орайда ішкі ғана емес, сыртқы саясатта да ұтылмас үшін мерзімінен бұрын өткізілетін сайлаудың маңызы зор. Демократиялық үрдіске сәйкес таңдау жасау да азаматтарға берілген мүмкіндік деп білеміз, – деді Р.Қаржаубайқызы.

Басқосуда қауымдастық мү­ше­лері де ойын ортаға салды. Ана мен бала орталығының бас дәрігері Гүлнар Жұмашева өз кезегінде сайлау елімізді демократиялық, құқықтық мем­лекет ретінде көрсететінін айт­ты. «Қолөнер» ұлттық на­қыш орталығының директоры Аида Керімқұлова да Президент сайлауының өтуі кәсіпкерлер үшін оң шешім екендігін, елде тұрақтылық болса, инвестициялық климат та тұрақталатын алға тартты. Оған белсенді қатысып, таңдау білдіруге шақырды.

 

М.СНАДИНҚЫЗЫ.

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<