Сейсмикалық қауіпсіздікке байланысты оқу-жаттығу жиыны өтті

360

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

23 ақпан күні облыс аумағында сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында республикалық оқу-жаттығу жиыны өтті. Оған жалпы саны 28 мыңнан астам адам жұмылдырылып, жер сілкінісі кезіндегі алғашқы іс-әрекеттер пысықталды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ғафур Ақмырзаев хабарлады.

-Өздеріңіз білетіндей, Қызылорда облысы сейсмикалық қауіпті аймақтардың біріне жатады. Сондықтан, сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында арнайы оқу-жаттығу жиыны өткен болатын. Онда жер сілкінісі кезіндегі алғашқы іс-әрекеттер көрсетіліп, негізгі ережелер түсіндірілді. Атап айтқанда, халыққа дабыл чемоданын жинақтауға үйрету, адамдарды ғимараттардың қауіпсіз аймақтарына эвакуациялау, зардап шеккен азаматтарға авариялық құтқару жұмыстарын жүргізу, эвакуациялық пунктердің дайындығын тексеру, жер сілкінісі кезінде азаматтық қорғау құрылымдарының іс-әрекеттері пысықталды. Республикалық оқу-жаттығу барысында 43 құлақтандыру жүйесі, 79 дабылды сөйлеу құрылғысы іске қосылды. Бұдан бөлек, халық арасында дүрбелеңге жол бермеу үшін аталмыш шара туралы бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жарияланды, – деді Ғафур Әлиұлы.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<